Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Черногория парламенті ел президентін отставкаға жіберуге ниетті

Опубликовано:

Мило Джуканович
Мило Джуканович. Фото: Michael Gottschalk/Photothek via Getty Images

Черногория парламенті депутаттарының басым бөлігі ел президенті Мило Джукановичті отставкаға жіберу рәсімін бастау туралы ұсынысты қабылдады, деп хабарлайды ТАСС RTCG агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, 80 депутаттан тұратын парламенттің 41 депутаты парламентке "президенттің конституцияны бұзғанын тексеруді" тапсыратын құжатқа қол қойған.

Сонымен қатар Черногория басшысын отставкаға жіберу процедурасын бастауды мақұлдаған.

РБК-Украинаның хабарлауынша, Джуканович Черногория Конституциясының 95-бабының бесінші тармағын бұзды деп айыпталып отыр. Ол барлық парламенттік партияларды болашақ премьер-министрдің кандидатурасын таңдау бойынша консультацияға шақырмаған.

Айта кетейік, Мило Джуканович 1991 жылдан бері қысқа үзілістермен Черногорияны басқарып келеді. Ол ел президентінен бөлек, премьер-министр қызметін де атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1989215-cernogoriya-parlamenti-prezidentti-otstavkaga-ziberuge-nietti/

pixel