Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ билігі Иранның моральдық полициясына санкция салды

Опубликовано:

Шерушілер Махса Аминидің портретін ұстап тұр
Шерушілер Махса Аминидің портретін ұстап тұр. Фото: OZAN KOSE/AFP via Getty Images

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранның моральдық полициясына ирандық әйелдерге қарсы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көрсеткені және елдегі бейбіт шерушілердің құқықтарын бұзғаны үшін санкциялар салды, деп хабарлады ведомствоның ресми сайты.

"Моральдық полиция жақында қайтыс болған 22 жастағы Махса Аминидің өліміне жауапты, ол хиджабты дұрыс тақпағаны үшін ұсталып, қамауға алынған еді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ АҚШ билігі Иранның арнайы қызметтері мен басқа да күштік құрылымдарының жоғары лауазымды жеті басшысына санкция салып отыр.

Олардың қатарында моральдық полициясының, Барлау және қауіпсіздік министрлігінің, Құрлық әскерлерінің, Басиж қарсыласу күштері және құқық қорғау күштерінің басшылары бар.

Естеріңізге сала кетейік, 22 жастағы Махса Амини қайтыс болғаннан кейін Иранның батысында наразылықтар басталды. Бойжеткенді хиджабты дұрыс тақпағаны үшін моральдық полиция ұстап, кейінірек ол жүрек ұстамасынан қайтыс болған еді.

Қыздың туыстары бұған дейін оның денсаулығына байланысты ешқандай проблема болмағанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1989239-aqs-biligi-irannyn-moraldyq-policiyasyna-aielder-quqygyn-buzgany-usin-sankciyalar-engizdi/

pixel