Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузия 26 қыркүйектен бастап ресейліктер үшін шекараны жабуы мүмкін

Опубликовано:

Көліктер
Көлік кептелісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Грузияның "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясының мүшесі Нона Мамулашвили Грузия билігі 26 қыркүйектен бастап Ресей азаматтары үшін шекараны жабуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.

"Грузия үкіметі әзірге Грузияға ресейліктердің жаппай ағылуын тоқтату үшін ештеңе жасаған жоқ. Олардың сөзінше, дүйсенбі күні шекаралар жабылады. Бұл қазіргі кезеңде қолдан келетін жалғыз нәрсе", - деді Мамулашвили.

Ол шекарадан өтуге бірінші кезекте 18 бен 55 жас аралығындағы ер адамдарға тыйым салынуы мүмкін екенін атап өтті.

Ал "Новости-Грузия" басылымының жазуынша, Грузия дүйсенбі, 26 қыркүйектен бастап Ресеймен шекарасын жабуы мүмкін деген ресми ақпарат жоқ. Елдің Қаржы министрлігінің кірістер қызметі Ресеймен шекарадағы өткізу пунктінің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаған.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейінгі күні Ресей-Грузия шекарасында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі қалыптасқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1989531-gruziya-26-qyrkuiekten-bastap-reseilikter-usin-sekarany-zabuy-mumkin/

pixel