Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ижевск қаласындағы атыс құрбандарының саны 15-ке жетті

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: piqsels.com

Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз біреу мектепке шабуылдап, оқ жаудырған. Қазіргі уақытта атыс құрбандарының саны 15-ке жетті, деп хабарлайды Ресей тергеу комитетінің Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомства мәліметінше, қайтыс болғандардың арасында 11 бала бар.

"Қазіргі уақытта Ресей тергеу комитетінің тергеушілері қылмыс салдарынан 39 адамның зардап шеккенін анықтады. Олардың 15-і қайтыс болды. Оның 11-i бала және 4 ересек адам бар.

24 жәбірленушінің 22-i бала және екі ересек адам жарақат алды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз ер адам мектепте атыс ұйымдастырды.

Кейін Удмуртияның Ішкі істер министрлігі шабуыл жасаушының қайтыс болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1989690-izevsk-qalasyndagy-atys-qurbandarynyn-sany-15-ke-zetti/

pixel