Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ижевсктегі мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 17-ге жетті

Опубликовано:

Ижевск мектебіне адамдар гүл мен ойыншық апаруда
Ижевск мектебі алдындағы гүл шоқтары. Фото: Vk.com/izhevsk.life

Ресейдің Ижевск қаласындағы мектептердің біріне жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Оның ішінде 11 бала, алтауы ересек, деп хабарлайды РИА Новости Удмуртия басшысының сайтына сілтеме жасап.

"17 адам қайтыс болды, оның ішінде 11 бала және алтауы ересек", – делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, дүйсенбі, 26 қыркүйек күні белгісіз ер адам Ижевск қаласындағы мектепке кіріп, күзетшіні өлтіріп, мектепте оқ жаудырған болатын.

Ресейдің Тергеу комитеті шабуыл салдарынан алты ересек адам мен жеті баланың қаза тапқанын, тағы 21 адамның жарақат алғанын хабарлады. Кейін шабуылдан қаза тапқандар саны 15-ке жетіп, 24 адам жараланғаны белгілі болды.

26-29 қыркүйек Удмуртияда қаза болғандарды аза тұту күні деп жарияланды.

Сондай-ақ қайғылы жайтқа байланысты мемлекет басшысы Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1989722-reseidegi-izevsk-mektebine-zasalgan-sabuyldan-qaza-tapqandar-sany-17-ge-zetti/

pixel