Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

App Storе-дан VK және "Mail.ru поштасы" қосымшалары жоғалып кетті

Опубликовано:

VK қосымшасы
VK қосымшасы. Фото: Chris Ratcliffe/Bloomberg via Getty Images

VK App Store-дан бірнеше қосымшаның жоғалып кеткенін растады. Соған қарамастан, бұған дейін орнатылған қосымшалар жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ VK компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі, 26 қыркүйек күні кейбір қосымшалар, соның ішінде VK Play, VK Музыка, Mail․ru поштасы App Store-дан іздеу кезінде көрсетілмей қалған.

"Компаниямыздың бірнеше қосымшасын Apple бұғаттап тастағанын растаймыз. Қазіргі уақытта олар App Store-да қолжетімсіз. Мәселенің мән-жайын білу үшін Apple компаниясына жүгіндік", – делінген VK компаниясының хабарламасында.

Дегенмен смартфондарда бұрын орнатылған VK қосымшалары өзгеріссіз жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетсек, 24 қыркүйек күні 72 пайыз акциясы Сбербанкке тиесілі 2GIS қосымшасы да App Store-дан жоғалып кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1989732-appstore-dan-vk-zane-mailru-postasy-qosymsalary-zogalyp-ketti/

pixel