Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей Қазақстанмен шекарада уақытша мобилизациялау пунктін ашты

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Астрахань облысында орналасқан "Қараөзек" өткізу бекетінде ішінара мобилизациялау пункті ашылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шешімге Ресей азаматтарының Қазақстанмен шекарада ұзын-сонар кезекте тұруы себеп болған. Агенттік мәліметінше, олардың арасында әскер жасындағы ер адамдар көп.

"Муниципалитет аумағында Қазақстан республикасына көлікпен өткізу пункті - "Қараөзек" бекеті орналасқан. Қазір осы жерде елден кеткісі келетіндердің ұзын-сонар кезегі пайда болды. Елден кетуді күткендердің арасында әскер жасындағы ер адамдар көп", - деді жергілікті биліктің баспасөз қызметі.

Агенттіктің хабарлауынша, "Қараөзек" өткізу бекетінде Қазақстанға кіруге ниет білдіргендердің құжаттары тексеріледі. Әскерге шақыру критерийлеріне сәйкес келетін және әскери комиссариаттан рұқсаты жоқ ресейліктер шекара аспайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1990250-resei-qazaqstanmen-sekarada-uaqytsa-mobilizaciyalau-punktin-asty/

pixel