Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІ Елизавета патшайымның нақты неден қайтыс болғаны анықталды

Опубликовано:

ІІ Елизавета өлімінің себебі аталды
ІІ Елизавета. Фото: Getty Images

ІІ Елизавета патшайым кәріліктен көз жұмды. 70 жыл ел билеген ол 100 жасқа жақындағанда көз жұмды. Бұл туралы Шотландия бас тіркеу палатасының ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Патшайым 96 жасында, 2022 жылдың 8 қыркүйегі күні жергілікті уақытпен 15:10-да көз жұмған. Оның қайтыс болған жері - Шотландиядағы Балморал сарайы.

Ресми құжаттағы "өлім себебі" бағанында - "жасы ұлғайды" деп көрсетілген. Айта кетелік, Елизаветаның күйеуі принц Филиппің өлім туралы құжатында да осы себеп көрсетілген.

Айта кетелік, ІІ Елизавета 70 жылдан аса уақыт бойы тақта отырды. Оның денесі күйеуінің қасында жерленген.

Патшайымның қазасынан соң патша тағына оның үлкен ұлы Чарльз "ІІІ Карл" атымен отырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1990322-ii-elizaveta-patsaiymnyn-naqty-neden-qaitys-bolgany-anyqtaldy/

pixel