Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ бас хатшысы Ресейдің Украинадағы референдумдары нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Антониу Гутерриш
Антониу Гутерриш. Фото: Russian Foreign Ministry/Anadolu Agency/Getty Images

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинаның басып алынған аумақтарында Ресейдің өткізген референдумдарының нәтижелерін қабылдау мүмкін емес екенін мәлімдеді. Ресейдің тұрақты өкілдігі бұл мәлімдемеге жауап берді.

БҰҰ бас хатшысы Ресейдің бұл әрекеті БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқыққа қайшы келетінін еске салды. Бұл туралы БҰҰ ресми сайты хабарлады.

"Украинаның Донецк, Луганск, Херсон мен Запорожье облыстарының қосылуы жөніндегі кез келген шешім заңды күшке ие болмайды. Мұндай шешім сынға лайық", - деді Гутерриш.

Бас хатшының сөзінше, соғыс кезінде басқа елдің басып алынған аумағындағы референдумдардың нәтижелері халық таңдауының көрінісі болып есептелмейді.

БҰҰ-ға қарасты Ресейдің тұрақты өкілдігі Гутерриштің мәлемдемесіне жауап берді. Дипломаттар БҰҰ жарлығының 97-бабына назар аударды.

"Әкімшілік функциялар бас хатшыға БҰҰ атынан саяси мәлемдеме жасауға құқық бермейді. Себебі ол мүше мемлекеттерге ие. Оған қоса Бас ассамблея құжаттары мен жарлық нормаларына біржақты түсінік беру құқысы жоқ", - делінген өкілдік хабарламасында.

Сонымен қатар ресейлік дипломаттар БҰҰ жарлығының 100-бабын атап өтті. Онда бас хатшы мен ұйымның секретариаты әрқашан "бейтарап" әрекет етуі керек екені жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1990371-buu-bas-xatsysy-reseidin-ukrainadagy-referendumdarynyn-natizelerin-qabyldamaitynyn-malimdedi/

pixel