Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санкт-Петербургте ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев Константин сарайында
Қасым-Жомарт Тоқаев Константин сарайында. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Жиын барысында ТМД елдерінің басшылары ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысқан.

ТМД мүше елдері тулары
ТМД мүше елдері тулары. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1991703-sankt-peterburgte-tmd-memleketteri-bassylarynyn-beiresmi-kezdesui-otti/