Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина Ішкі істер министрлігі Киевтегі бірнеше жарылыстан қанша адамның құрбан болғанын мәлім етті

Опубликовано:

Киевтегі жарылыс болған жерлердің бірі
Киевте жарылыс болған көшелердің бірі. Оқиға орнына фото: t.me/bazabazon

Украина астанасы Киевте бүгін, 10 қазанда бірнеше жарылыс болды. Елдің Ішкі істер министрлігі зымыран соққысының салдарынан қаншама адам қаза тауып, қанша адам жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды УНИАН Telegram-арнасы.

Украина Ішкі істер министрінің кеңесшісі Ростислав Смирновтың сөзінше, зымырандық шабуылдың салдарынан Киевтің Шевченков ауданында сегіз адам қаза тауып, тағы 24 бейбіт тұрғын жараланған.

Житомир облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Виталий Бунечко Житомир облысын атқылаудың салдарынан энергетикалық инфрақұрылымға зақым келгенін айтты. Кейбір тұтынушылар резервтік қуат көздерін пайдалануда, шабуылдың зардаптарды жою жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, 10 қазанда Киевте бірнеше жойқын жарылыс болды. Киев мэрі Виталий Кличко қалада бірнеше жарылыс болғанын растады.

Бұл жайттан кейін Украина президенті Владимир Зеленский мен Виталий Кличко Киев тұрғындарына үндеу жасап, Кличко болып жатқан оқиғаны "ресейлік лаңкестердің шабуылы" деп атады.

Сондай-ақ ол Киев тұрғындарын үйлерінде қалуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1991940-ukrainanyn-iski-ister-ministrligi-kievtegi-birnese-zarylystan-qansa-adamnyn-qurban-bolganyn-malim-etti/

pixel