Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киевте әуе дабылы жарияланды

Опубликовано:

Украина астанасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Киевте және Украинаның орталық аймақтарында әуе дабылы жарияланды. Дүйсенбі, 10 қазаннан бастап ел аумағына зымыран шабуылы жасалуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Страна.ua Telegram арнасының хабарлауынша, Украинаның орталық аймақтары (Винница, Черкасс, Кировоград және Днепропетровск облыстары), Киевті қоса алғанда, әуе дабылы аймағында.

"Украинская правда" газетінің хабарлауынша, түнде Николаевта жарылыстар естілген, ол жерде 00:28-ден (жергілікті уақыт бойынша) әуе шабуылы туралы ескерту берілген.

"УНИАН" Telegram арнасында Запорожье де зымыран шабуылынан зардап шеккен. Бірнеше тұрғын үйдің терезе, есіктері жұлынған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Запорожье облысының хатшысы Анатолий Куртев.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта тағы да шабуыл жасалуы мүмкін екенін атап өткен. Өңірде әуе дабылы жарияланды.

Еске сала кетейік, 10 қазанда басталған зымырандық соққы салдарынан Украинаның бірқатар аймағы мен Киевте маңызды инфрақұрылым нысандары зақымданған болатын. Жарылыстар 11 қазанда да естілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1992292-kievte-aue-dabyly-zariyalandy/

pixel