Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусьте антитеррорлық операция режимі енгізілді

Опубликовано:

терроризмге қарсы күрес
Әскерилер. Көрнекі фото: pixabay.com

Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макей "Известия" газетіне берген сұхбатында Беларусьте антитеррорлық операция режимі енгізілгенін айтты. Тиісті бұйрықты ел президенті берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басылым журналисі бұған дейін Беларусьте "терактілер дайындалып жатыр" деген ақпарат болғанын еске салды. Министр осы ақпаратқа Минск қандай жауап қайтаратынын айтты.

"Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, әлемде ешкімге сене алмайтындай жағдайға жетті, сондықтан біз өз қауіпсіздігіміз туралы ойлауымыз керек, Беларусь президенті айтқандай, біз өз халқымызды қорғауымыз керек және ешкім де "бір метр жерімізге басқыншылық жасамайтындай" әрекет етуіміз керек.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарымен бірқатар кездесу өткізді, антитеррорлық режим енгізілді. Расында да, кейбір көрші мемлекеттер Беларусь аумағының жекелеген учаскелерін басып алуға байланысты арандатушылықтарды жоспарлаған", - деді Беларусь СІМ басшысы.

Макей Беларусь республикасының қарулы күштері, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері "көрші мемлекеттер тарапынан болуы мүмкін кез келген арандатушылыққа" тойтарыс беруге дайын екеніне сендірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1992653-belaruste-antiterrorlyq-operaciya-rezimi-engizildi/

pixel