Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирактың жаңа президенті сайланды

Опубликовано:

Абдель Латиф Рашид
Абдель Латиф Рашид. Фото: Anadolu Agency / Getty Images

Ирактың жаңа президенті болып Абдель Латиф Рашид сайланды. Ол - елде президенттік институт енгізілгеннен бері оныншы мемлекет басшысы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ жергілікті INA басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, Рашидті Ирактың Өкілдер палатасы сайлаған.

Жасырын дауыс берудің екінші кезеңінде ол өзінің қарсыласы, Ирактың қазіргі президенті Бархам Салехтен көп дауыс жинаған. Рашид 269 дауыстың 162 дауысын алса, Бархам Салехке 99 адам дауыс берген, тағы 8 дауыс жарамсыз деп танылған.

Alarabiya news ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирактың жаңа президенті дереу ант беріп, міндетіне кірісті. Рашид Мохаммад Шая әл-Суданиді премьер-министр етіп тағайындады.

Ирактың жаңа президенті 78 жаста. Мамандығы бойынша ол инженер, Ұлыбританиядағы Манчестер университетін бітірген. 2003-2010 жылдары Ирактың Су ресурстары министрі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1992687-iraktyn-zana-prezidenti-sailandy/

pixel