Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің Белгород қаласының маңындағы полигонда 11 адам оққа ұшып, 15-і жарақат алды

Опубликовано:

әскерилер
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Белгород қаласының маңындағы полигонда белгісіз екі адам 11 адамды атып, тағы 15-ін жаралады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл жайтты террорлық әрекет деп атады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Оқиға 15 қазанда Украинадағы арнайы операцияға өз еркімен қатысуға ниет білдірген жандармен оқу жаттығу кезінде болған.

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, кенет белгісіз адамдар оқ атып, бөлімшенің жеке құрамына оқ жаудырған.

Салдарынан 11 адам қаза тауып, түрлі дене жарақатын алған тағы 15 адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Басылым шабуыл жасағандар сол жерде өлтірілгенін, ал олардың ТМД елдерінің бірінің азаматтары екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1992930-reseidin-belgorod-qalasynyn-manyndagy-poligonda-11-adam-oqqa-usyp-15-i-zaraqat-aldy/

pixel