Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш мемлекет Украинадағы елшілігін уақытша жапты

Опубликовано:

Украина туы
Украина туы. Фото: pixabay.com

Үш мемлекет - Сербия, Мысыр, Қытай Украинадағы елшілігін уақытша жапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Телерананың мәліметінше, бұл елдердің билігі шұғыл түрде өз дипломаттарын отанына қайтуға шақырып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы Қазақстан елшілігін Киевтен эвакуациялау мәселесі шешіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Одан бөлек Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына Украинаға барудан бас тартып, ал сол жақтағы қазақстандықтардан мүмкіндігінше ел аумағынан кетуді сұрап, үндеу жасаған еді.

Айта кетейік, 10 қазанда Украина астанасы Киевте бірнеше жарлыс болды.

Қазір барлық облыста дерлік әуе дабылы жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1992970-us-memleket-ukrainadagy-elsilikterin-uaqytsa-zapty/

pixel