Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде ішінара мобилизациялау аяқталды

Опубликовано:

Мәскеу қаласы
Мәскеу. Көрнекі фото: Pexels.com

Мәскеу мэрі Сергей Собянин жеке блогында Ресей астанасында ішінара мобилизиациялаудың аяқталғанын жазды. Ол бүгін шақыртылғандарды қабылдау пункттерінің жабылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мәскеу қаласының әскери комиссарының мәліметі бойынша, президент жарлығы мен Қорғаныс министрлігінің тапсырмалары негізінде белгіленген ішінара мобилизациялау бойынша тапсырмалар толығымен орындалды. Ол ең алдымен мәскеуліктердің жауапкершілігінің, борыш сезімі мен патриотизмінің арқасында мүмкін болды",деп жазды Собянин.

Оның айтуынша, шақырылғандарды қабылдау пункттері 2022 жылғы 17 қазан күні Мәскеу уақытымен сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша 17:00) жабылады. Сондай-ақ, Мәскеу мэрі тұрғылықты жері мен кәсіпорындарға жұмылдыру барысында жіберілген шақырулар өз күшін жойғанын атап өтті.

"Біз Қорғаныс министрлігіне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде тікелей көмек көрсетуді жалғастырамыз. Мәскеуліктер қызмет ететін өңірлердің басшылығымен бірге әскери бөлімдердегі өмірді жақсартуға көмектесеміз", – деп қосты ол.

Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйек күні Ресейде ішінара мобилизация жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1993055-maskeude-isinara-mobilizaciyalau-ayaqtaldy/

pixel