Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің Краснодар өлкесінде тұрғын үй ауласына ұшақ құлады (фото, видео)

Опубликовано:

ұшақ құлады
Ұшақ құлаған орын. Оқиға орнынан фото: t.me/breakingmash

Краснодар өлкесінің Ейск қаласында әскери ұшақ тұрғын үй ауласына құлады. Куәгерлер оқиға орнында түсірген кадрларды әлеуметтік желіде жариялады.

Interfax басылымының Тelegram арнасы мәліметінше, Краснодар өлкесіндегі Ейск қаласында тұрғын үйге Су-34 әскери ұшағы құлағаны туралы қаланың бірыңғай диспетчерлік қызметі хабарлаған.

"360" басылымы Telegram арнасында хабарлағандай, екі ұшқыш та аман, олар катапульта жасап үлгерген.

Тілшілердің хабарлауынша, ұшақ аулаға құлағаннан кейін жалын тұрғын үйге қарай ойысқан. Әлеуметтік желіде куәгерлер тұрғын үйдің бірінші қабатынан тоғызыншы қабатына дейін өрт шалғанын айтуда.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ресей қорғаныс министрлігі Ейскіде әскери ұшақтың құлағанын растаған.

"Бүгін Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығуда Су-34 ұшағы көтерілу кезінде апатқа ұшырады", - деп хабарлады ведомство.

Ресей қорғаныс министрлігінің басылымға берген мәліметінше, катапульта жасаған ұшқыштар апатқа ұшу кезінде қозғалтқыштардың бірінің тұтануы себеп болғанын баяндаған.

Су-34 ұшағы құлаған тұрғын үй ауласында ұшақтың жанар-жағар майы тұтанған. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ейскідегі ұшақ апатынан кейін өрт аумағы 2 мың шаршы метрді құрады.

Кубань губернаторы төтенше жағдай орнына барған.

Назар аударыңыз, бейнеде бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1993118-krasnodarda-turgyn-uidin-aulasyna-usaq-qulady-foto-video/

pixel