jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иран тарихында 43 жылдан кейін алғаш рет спортшы қыз жарысқа хиджабсыз шықты

Ирандық спортшы
Ирандық спортшы қыз. Видеодан кадр: instagram.com/holod.media

Ирандық спортшы Эльназ Рекаби Сеулде өткен (Оңтүстік Корея) құзға өрмелеуден Азия чемпионатында жарысқа хиджабсыз шықты. Бұл ел тарихында 43 жылдан кейін алғаш рет болып отырған жағдай, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Чемпионат.com сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, спортшы жарысқа шашын жай ғана жинап шыққан.

Эльназ Рекаби осылайша Иранның 1983 жылғы заңын бұзған, оған сәйкес көпшілік алдына жалаңбас шыққан әйелдер қылмыстық қудалауға ұшырап, айыппұл арқалайды.

Басылым Рекабидің Иранда 43 жылда алғаш рет осы қадамға барған алғашқы спортшы екенін атап өткен. Иран спортшысы бұл әрекеті арқылы полиция ұстағаннан кейін қайтыс болған 22 жастағы Махса Аминидің өліміне наразылық білдіргісі келген.

Белгілі болғандай, Сеуелдегі Азия чемпионатында Елназ Рекаби төртінші орын алған. Ол 2021 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында жарысқа хиджабпен шыққан болатын. Ол уақытта көпсайыста Рекаби қола жүлдегер атанған еді.

Иран тарихында 43 жылдан кейін алғаш рет спортшы қыз жарысқа хиджабсыз шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.