Ердоған Түркияда халықаралық газ хабының құрылғанын хабарлады

Опубликовано:

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Chris J Ratcliffe/Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған парламентте сөйлеген сөзінде олардың елінде халықаралық газ хабы құрылатынын, ол арқылы ресейлік газ Еуропаға жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Қазір Еуропа алдағы қыста өзін энергиямен қалай қамтамасыз етуді ойластыруда. Аллаға шүкір, бізде ондай проблема жоқ. Оның үстіне Путин мырзамен соңғы кездесуімізде Түркияда газ хабын құруға келістік", – деді Ердоған.

Anadolu хабарлағандай, Түркия басшысының айтуынша, Ресей президенті Владимир Путинмен соңғы кездесуінде олар бұл мәселе бойынша ортақ пікірге келген.

"Еуропа газды Түркия арқылы сатып ала алады деп Путиннің өзі айтты", – деді ол.

Еске салайық, АӨШСК алтыншы саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путин түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанға Түркияда газ хабын құруды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1993442-erdogan-turkiyada-xalyqaralyq-gaz-xabynyn-qurylganyn-xabarlady/