Red Bull компаниясының негізін қалаған Дитрих Матешиц қайтыс болды
Опубликовано:

Red Bull энергетикалық сусындар компаниясының қожайыны және негізін қалаушы Дитрих Матешиц өмірден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Дитрих Матешиц 78 жасында ауыр дерттен көз жұмды.
Компанияның мәліметінше, Матешиц 1987 жылдан бастап Аустрияда сусын сата бастаған.
Матешиц Red Bull сусынының негізгі өнімінен бөлек экстремалды спорт түрлерін насихаттаумен танымал болған. Сонымен қатар оның компаниясы Формула-1 жарысының екі командасына демеушілік жасайды.
"Ол білікті кәсіпкер және біздің спортты өзгертуге көмектескен тұлға. Бұдан бөлек ол бүкіл әлемге танымал Red Bull брендін жасаған адам", – деп атап өтті Формула-1 бас директоры Стефано Доменикали.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994061-red-bull-kompaniyasynyn-negizin-qalagan-ditrix-matesic-qaitys-boldy/