Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp мессенджерінде неге ақау шықты: әлемдік компания себебін түсіндірді

Опубликовано:

WhatsApp мессенджері
WhatsApp мессенджері. Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджері тиесілі Meta Platforms Inc компаниясы 25 қазан күні желіден шыққан ақауды түсіндірді. Компанияның мәлімдемесі Bloomberg басылымында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Компания мәліметінше, бүгінде барлық мәселе шешіліп, ғаламдық бұзылыс қалпына келген.

"Біз мәселені шештік және ыңғайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Қысқамерзімді ақау біздегі техникалық қателік салдарынан болды", - делінген компания мәлімдемесінде.

Айта кетелік, 25 қазанда әлемнің біраз еліндегі он мыңдаған қолданушы WhatsApp мессенджерінің істемей тұрғанын айтып, шағымданды.

Қолданушылар хабарлама жібере алмай жатқандарын айтса, кейбіреулерде қосымшаның өзі қиындық тудырған.

Мессенджергі ақау туралы қазақстандықтар да хабарлады. Олардың бірі хабарлама жібере алмай, енді бірі қабылдай алмай әуреге түскен.

DownDetector мәліметі бойынша, дегенмен негізінен Германия, Ұлыбритания, Нидерланд және Италия тұрғындарынан шағым түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994311-whatsapp-messendzerinde-nege-aqau-syqty-alemdik-kompaniya-sebebin-tusindirdi/

pixel