Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей АҚШ-қа ядролық жаттығулар өткізетіні туралы ескертті

Опубликовано:

Зымыран
Зымыран. Көрнекі фото: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/2163/

Мәскеу жыл сайынғы ядролық жаттығулар өткізу жоспары туралы Пентагонды хабардар етті. Бұл туралы АҚШ президентінің әкімшілігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Америка дауысы" басылымына сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттары Ресейдің "Гром" стратегиялық ядролық күштерінің жыл сайынғы оқу-жаттығуларының бір бөлігі ретінде зымырандарды сынақтан өткізеді деп күтуде. Бұрындары "Гром" жаттығулары кезінде Мәскеу құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшырғаны атап өтілген.

Жаңа Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту шарты бойынша Ресей баллистикалық зымырандарды ұшыру туралы Вашингтонды алдын ала хабардар етуге міндетті, деп хабарлады Пентагон.

"Америка Құрама Штаттары хабардар етілді және біз бұған дейін атап өткеніміздей, бұл жаттығуларды Ресей жыл сайын өткізеді",деді Пентагонның өкілі Патрик Райдер Қорғаныс министрлігінде өткен брифингте.

Райдер Ресейдің ядролық жаттығулары туралы басқа мәліметтерді беруден бас тартты, деп жазады басылым.

Еске салайық, қазан айының басында Нью-Йоркте сөйлеген АҚШ президенті Джо Байден тактикалық ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы айтқанда Путиннің "әзілдемейтінін" айтқан болатын. Алайда кейінірек сұхбатында америкалық көшбасшы ресейлік әріптесі ядролық қаруды қолданбайды деген пікірін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994361-resei-aqs-qa-yadrolyq-zattygular-otkizetini-turaly-eskertti/

pixel