БАҚ: Ксения Собчак Ресейден кетіп қалды

Опубликовано:

Ксения Собчак
Ксения Собчак. Фото: instagram.com/xenia_sobchak

Тележүргізуші Ксения Собчак Ресейден кетті. Алайда оның елден кету себебі айтылмаған, деп хабарлайды Риа Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Ксения Собчак қазіргі уақытта Ресейде емес.

"Ол қазір Белоруссия арқылы Литваға кеткен", - делінген баспасөз ақпаратында.

Алайда тележүргізушінің бұл саяхатының себебі нақты айтылмады.

Мәліметтерге сүйенсек, Ксения Собчак дәл осы күні Түркияға кетуі керек болған.

Ал ТАСС Telegram-арнасының ақпаратынша, Собчакты полияция тоқтатып үлгерген. Алайда ол сытылып үлгерген.

"Ол Мәскеуден түнде (сәрсенбі - ред) шығып кетті. Солай бола тұра ол бір күн бұрын Дубайға, бүгін Түркияға билет сатып алған. Бұл шатастыру үшін ойлап табылған тәсіл. Нәтижесінде ол Белоруссия арқылы Литваға кетіп қалды", - делінген агенттіктің ақпаратында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994439-baq-kseniya-sobcak-reseiden-ketip-qaldy/