Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Илон Маск Twitter-ді сатып алды

Опубликовано:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Patrick Pleul/picture alliance via Getty Images

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры Илон Маск Twitter-ді сатып алған. Ал компанияның бұрынғы басшылығы штаб-пәтерден кетіп қалған.

Бас директор мен қаржылық директордың Twitter штаб-пәтерінен кетіп қалғаны туралы ақпарат CNBC телеарнасының сайтында жарияланды.

Одан бөлек, Илон Маск Twitter аккаунтында жарнама берушілерге әлеуметтік желіні не үшін сатып алғанын түсіндірген.

"Болашақ цивилизация үшін идеялардың кең аймағы саналатын цифрлы алаңқайың болған дұрыс. Мен мұны оңай болған соң немесе көп ақша табу үшін сатып алған жоқпын. Мен мұны өзім сүйетін адамзатқа көмектесу үшін жасадым", - дейді ол.

Сондай-ақ, кәсіпкер платформаның әлеуетіне сенетінін және әлемдегі сөз бостандығына мүмкіндік беретінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994709-ilon-mask-twitter-di-satyp-aldy/

pixel