Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда көпір құлап, 90-нан аса адам мерт болды

Опубликовано:

Үндістанда көпір құлаған сәт
Үндістанда көпір құлаған сәт. Фото: Stringer / Anadolu Agency / Getty Images

30 қазан күні Үндістанның Гуджарат штатында көпір құлады. Оқыс оқиға кезінде көпір үстінде 500-ге жуық адам болған. Қазіргі сәтте 90-ға жуық адамның қаза тапқаны хабарланды, деп жазады Риа Новости.

Алғашында аспалы көпірдің құлауынан жүзге жуық адамның көз жұмғаны және із-түссіз жоғалғаны хабарланған. Морбидегі Мачху қаласында орналасқан аспалы көпір 140 жыл бұрын салынған. Алайда соңғы екі жылда жабық болыпты. Көпірді қайта жөндеуден өткізіп, екі күн бұрын ашқан екен.

Гуджарат штатының билігі жауапкершілікті өз мойнына алып отыр.

"Көпір өткен аптада жөндеуден өткен. Біз қатты таң қалып отырмыз. Бұл сұрақты реттейміз", - деді Еңбек минстрі Бриеш Мерья.

Жергілікті билік мәліметінше, өзен ағысына байланысты зардап шеккендерге көмектесу қиын соққан. Оның үстіне оқиғаның түнде орын алғаны да құтқарушыларға кедергі келтірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994962-undistanda-kopir-qulap-90-nan-asa-adam-mert-boldy/

pixel