Үндістанда көпір құлады: Қаза тапқан адамдар саны жүзден асып кетті

Опубликовано:

Үндістанда құлаған көпір
Үндістанда құлаған көпір. Фото: Sam Panthaky / AFP / Getty Images

Үндістанның Гуджарат штатындағы Морби қаласында көпірден құлап, қаза тапқан адамдар саны артты. Бұл туралы жергілікті NDTV телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, аспалы көпірдің құлауынан қаза тапқандар саны 141-ге жетсе, 177 адам құтқарылған. Із-түзсіз жоғалып кеткендерді іздестіру шаралары әлі жалғасуда.

Айта кетелік, 30 қазан күні Морби қаласындағы көпір құлап кетті. Қазіргі таңда жүзден аса адамның жоғалғаны хабарлануда.

Аталған көпір осыдан 140 жыл бұрын салынып, екі жыл бойы жөндеуге жабылған. 26 қазан күні қайта ашылған көпір жүздеген адамның өмірін жалмап отыр.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасына ақшаламай өтемақы беруді бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1994995-undistanda-kopir-qulady-qaza-tapqan-adamdar-sany-zuzden-asyp-ketti/