Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенгіміз келген жоқ": Танымал кореялық актер Хэллоуинді тойлау кезінде қайтыс болды

Опубликовано:

Ли Джи Хан
Ли Джи Хан: Dorama TV

29 қазан күні Сеулдегі танымал Итэвон көшесінде қайғылы жағдай орын алды. Хэллоуин мерекесін тойламақ болған жастар тар көшеге сыймай, сығылысып көз жұмды. Қаза тапқан 150 адамның ішінде танымал актер де бар, деп хабарлайды Popcake.Tv сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайтыс болғандар арасынан 25 жастағы танымал актер Ли Джи Ханның денесі табылды. "Produce 101" шоуының бұрынғы қатысушысы веб-дорамалар арқылы халыққа танылған.

Оның жобадағы достары Пак Хисок, Чо Джинхен және Ким Дохен Джи Ханның қазасын ресми түрде растап, желіде көңіл айту жазбаларын қалдырды.

Актер жұмыс істейтін агенттік де мәлімдеме жасады.

"Бұған сенгіміз келмей, соңына дейін өтірік шығар деп үміттендік. Бірақ қаралы хабарды естігенде қатты қиналдық. Қазір оның отбасы қатты қайғыруда. Қаза тапқандар үшін дұғадамыз", - делінген агенттік хабарламасында.

Актерді жерлеу рәсімі 1 қарашада өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1995007-sengimiz-kelgen-zoq-tanymal-koreyalyq-akter-xellouindi-toilau-kezinde-qaitys-boldy/

pixel