Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Филиппинде дауылдан 100-ге жуық адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Оқиға орнындағы құтқарушылар
Оқиға орнындағы құтқарушылар. Фото: Jeoffrey Maitem/Anadolu Agency via Getty Images

Филиппинде "Налгае" тропикалық дауылы 98 адамның өмірін қиды. Сондай-ақ табиғи апаттан 69 адам зардап шегіп, тағы 63 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қауіптердің алдын алу және табиғи апаттарды жою Ұлттық кеңесінің есебіне сілтеме жасап.

"Марқұмдар суға бату немесе көшкін салдарынан немесе құлаған ағаштардың салдарынан алған жарақаттардан қайтыс болған", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ есепте құтқарушылар 350 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшіргені, олардың эвакуациялық орталықтарға орналастырылғаны, одан бөлек 555 үйдің бүлінгені айтылған.

Ведомствоның мәліметінше, табиғи апаттан жолдар, көпірлер, мектептер мен үкіметтік ғимараттар қираған.

Сонымен қатар, дауылдан Филиппиннің тоғыз әуежайына зақым келген, қазір олардың екеуі жұмыс істеп тұр. Апат салдарынан 444 рейс тоқтатылған.

263 қалада электр қуатына қатысты қиындықтар байқалса, оның 94-інде электр қуаты қалпына келтірілген. 45 елдімекенде байланыс үзілсе, сегізінде сумен қамтуда қиындықтар туындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1995067-filippinde-dauyldan-100-ge-zuyq-adam-qaza-tapty-video/

pixel