Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сеулдегі қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны артты

Опубликовано:

Сеул көшелерінің бірінде қолына гүл шоқтарын ұстаған кәрістер
Сеулде қаза тапқандардың рухына арнап, гүл қоюда: Chris Jung/NurPhoto/Getty Images

Сеулдегі Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оңтүстік Кореяның Ренхап басылымына сілтеме жасап.

"Сеулдегі Хэллоуиннің құрметіне ұйымдастырылған мерекедегі қайғылы жағдайдың салдарынан тағы бір адамның мерт болғаны расталды. Осылайша, қаза тапқандар саны 155-ке жетіп отыр", – деп хабардар еткен дүйсенбі күні кешке жергілікті билік өкілдері.

Басылымның жазуынша, 24 жастағы кореялық азаматшаның өлімі 31 қазанда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21-00-де (Астана уақыты бойынша 18:00) тіркелген.

Қазір таңда барлығы 30 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр,

Еске салса кетсек, бұған дейін 29-нан 30-шы қазанға қараған түні Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде тар көшеде халық кептеліп қалып, салдарынан 151 адамның қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Қаза болғандар арасында шетел азаматтары оның ішінде қазақстандық студент қыз да бар.

Бүгінде қайғылы жағдайға байланысты елде Ұлттық аза тұту күні жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1995143-seuldegi-qaigyly-oqigadan-qaza-tapqandar-sany-artty/

pixel