Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясындағы мұсылмандар Хэллоуин мерекесін үш күн бойы тойлады (видео)

Опубликовано:

Хэллоуин мерекесіне арналған костюм киген тұрғындар
Хэллоуин мерекесін тойлаған саудиялықтар: islamnews.ru

Сауд Арабиясы тарихында тұңғыш рет Хэллоуин мерекесі кең көлемде атап өтілді. Бұл әлемдегі мұсылман елдерінің таңданысын туғызды, деп жазады islamnews.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бірнеше жыл бұрын консервативті ислам елі саналатын Сауд Арабиясында Хэллоуин кеңінен тойланды. Сыншылар "Шайтан мерекесі" деп атайтын іс-шараға корольдіктің ойын-сауық жөніндегі басқармасы арнайы рұқсат берген. Сол себепті Хэллоуин Эр-Риядта үш күндік фестиваль ретінде атап өтілді.

Мерекеге жиналған қонақтар қорқынышты костюмдерімен ерекшеленді. Мұнда қанға боялған медбикелер мен түрлі құбыжықтар, фильмдегі жағымсыз кейіпкерлер мен қорқынышты күштерді білдіретін костюмдер болды.

Алайда Сауд Арабия тұрғындарының Хэллоуинге қатысты шешімін барлығы жақсы қабылдай қойған жоқ. Сыншылардың пікірінше, мұнда жат мәдениеттен бөлек, өлімді насихаттатын батыс елдеріне тән дәстүр дәріптелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1995321-saud-arabiyasyndagy-musylmandar-xellouin-merekesin-us-kun-boiy-toilady-video/

pixel