Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі мұсылман қызы Канададағы ең ықпалды әйелдердің қатарына енді

Опубликовано:

Набиля Икстабалан
Набиля Икстабалан. Фото: Twitter/@nabeelaix

Канададағы ықпалды 100 әйелдің қатарына екі мұсылман қызы енді. Олардың бірі - құқыққорғаушы, бірі - кәсіпкер. Бұл туралы Muslim Link порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Набиля Икстабалан - Канадада 400-ден аса дүкенді қамтитын Walmart жүйесінің атқарушы директоры. Соңғы 20 жылда ол ірі компанияларда басшылық қызмет атқарған.

Набиляның маркетинг және сатып алу менеджменті саласында екі дипломы бар. Оның есімі Канаданың ықпалды әйелдер қатарына еніп қана қоймай, The Globe and Mail's 2022 баяндамасында аталды.

Ал Айза Абид - балалар құқығына өмірін арнаған адам. Ол кәмелетке толмаған жастарға қайырымдылық жасаумен айналысады. Айза құрған Teddybear Foundation қоры БҰҰ бағдарламасына қатысып, балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім алуына көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1995365-eki-musylman-qyzy-kanadadagy-en-yqpaldy-aielderdin-qataryna-endi/

pixel