Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 салдарынан Қытайда әлемдегі ең ірі iPhone зауыты оқшауланды

Опубликовано:

Apple және Foxconn логотиптері
Apple және Foxconn логотиптері. Фото: Jakub Porzycki/NurPhoto/Getty Images

Қытай билігі Чжэнчжоу қаласындағы Foxconn Technology Group зауытын бір аптаға оқшаулауға бұйрық берді. Шектеуге коронавирус инфекциясының өршуі негіз болып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Қытай билігі Apple компаниясының өнімдерін өндіретін Чжэнчжоудағы Foxconn зауытының территориясын жеті күнге жабуға бұйрық берген.

Үкіметтің мұндай шешім қабылдауына Чжэнчжоуда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының 1 қарашада бірден 359-ға дейін өсуі себеп болған. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен үш есеге көп. Локдаун 9 қарашаға дейін жалғасады.

Басылымның хабарлауынша, шектеу iPhone өндіретін әлемдегі ең ірі зауыттың жұмысына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Foxconn мәлімдемесінде зауыт жұмысын жалғастыратынын, бірақ сыртқы әлеммен байланысын шектейтіні айтылған. Дегенмен компания карантин кезінде тауарларды зауыт аумағына және кері қалай жеткізетіні туралы сұраққа жауап бермеген.

Айта кетейік, Foxconn – әлемдегі ең ірі электроника өндірушілердің бірі болып табылатын Hon Hai Technology Group сауда белгісі. Компания 1974 жылы Тайваньда құрылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1995457-covid-19-saldarynan-qytaida-alemdegi-en-iri-iphone-zauyty-oqsaulandy/

pixel