Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігіне оқ жаудырған": Пәкістанның экс-премьері оқ жарақатын алды

Опубликовано:

Имран Хан
Имран Хан. Фото: Carl Court / Staff / Getty Images

"Пәкістан Техрик-и-Инсаф" партиясы жақтастарының колоннасын бастап бара жатқан Пәкістанның экс-премьері Имран Ханның көлігіне белгісіз біреу оқ жаудырған. Салдарынан бұрынғы шенеуніктің аяғына оқ тиіп, жарақат алған.

Жергілікті Geo телеарнасының хабарлауынша, оқиға Пәкістанның Вазирабад қаласының маңында болған.

Телеарна тілшісінің дерегінше, бұрынғы премьер-министрден бөлек, партияның төрт-бес жетекшісі жарақат алған. Шабуыл жасалған адам ұсталған.

Телеарнаның мәліметінше, елде жаңадан сайлау өткізуді талап еткен "Пәкістан Техрик-и-Инсаф" оппозициялық партиясының маршы өткен аптада басталған. Шерушілер 11 қарашаға дейін ел астанасына жетуді көздеп отыр.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін оппозициялық партияның маршы биылғы жылдың 25 мамырында өткен. Ол кезде Имран Ханның жүздеген жақтасы Исламабадқа дейін жеткен.

Дегенмен, марш кезінде шерушілер полициямен қақтығысып, салдарынан екі тараптан да ондаған адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1995648-koligine-oq-zaudyrgan-pakistannyn-eks-premeri-oq-zaraqatyn-aldy/

pixel