Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құтыдағы судың патшасы" атына ие кәсіпкер Қытайдың ең бай адамы атанды

Опубликовано:

қытайлық кәсіпкер
Чжунь Шаньшан. Фото: CC BY-SA 4.0 / DHalps / Zhong-Shanshan

Бөтелкедегі су өндіретін Nongfu Spring компаниясының иесі Чжун Шаньшан "Хужунь" зерттеу институтының есебіне сәйкес, Қытайдың ең бай адамдары тізімінде көш бастады, деп хабарлайды РИА-Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зерттеу институтының мәліметінше, 68 жастағы Чжун Шаньшан екінші жыл қатарынан Қытайдағы ең бай адам атанып отыр. Оның байлығы бір жылда 17 пайызға өсіп, 65 миллиард долларға жеткен.

Екінші орында байлығы 35 миллиард долларға тең TikTok желісіне иелік ететін ByteDance компаниясының негізін қалаушы 39 жастағы Чжан Имин тұр. Соңғы бір жылда оның байлығы 28 пайызға азайған.

Үшінші орында "батареялар патшасы" - қытайлық отын элементтері мен литий-иондық аккумуляторлардың ірі өндірушісі CATL компаниясының негізін қалаушы 54 жастағы Цзен Юйцюнь тұр. Оның байлығы 32,9 миллиард долларға бағаланып отыр. Былтырмен салыстырғанда бір жылдағы табысы 28 пайызға кеміген.

Қытайдың Alibaba Group ірі интернет-компаниясының негізін қалаушы, 2020 жылы Қытайдың ең бай адамы деп танылған 58 жастағы Джек Ма биыл 25,7 миллиард доллар байлығымен небәрі тоғызыншы орында тұр. Оның байлығы бір жылда 29 пайызға ортайған. Ал 2021 жылғы тізімде Джек Ма бесінші орынды иеленген болатын.

Басылым аталған рейтинг 15 қыркүйектегі деректер бойынша құрастырылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1996329-qutydagy-sudyn-patsasy-atyna-ie-kasipker-czun-sansan-qytaidyn-en-bai-adamy-atandy/

pixel