Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақ соқтығысты (видео, фото)

Опубликовано:

әскери ұшақтардың соқтығысу сәті
Әскери ұшақтардың соқтығысу сәті. Фото: twitter.com/gran18_

Кеше Техас штатының Даллас қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстағы ұшақтар қатысқан авиашоу өтті. Іс-шараға қатысқан екі әскери ұшақ кездейсоқ аспанда соқтығысып қалды. Қаза тапқандар бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Басылымның АҚШ федералдық авиация басқармасының мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, сенбі, 12 қарашада, сағат 13:20 шамасында (Астана уақытымен 13 қараша 01:20) Wings Over Dallas әуе шоуында Boeing B-17 Flying Fortress және Bell P-63 Kingcobra соқтығысқан.

Даллас мэрі Эрик Джонсонның айтуынша, апаттан зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз.

Ал American Airlines ұшқыштары кәсіподағы екі отставкадағы ұшқыш пен бұрынғы кәсіподақ мүшелері қаза тапты деп мәлімдеген. Олардың B-17 Flying Fortress экипажы мүшелерінің арасында болғаны атап өтілген.

Телеарнаның хабарлауынша, соқтығысқаннан кейін оқиға орнында 40-тан астам өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері жұмыс істеген.

Бұл ретте АҚШ Әскери-әуе күштері өкілі журналистерге B-17 ұшағында әдетте төрт-бес адамнан тұратын экипаж болатынын, ал R-63 бір ұшқышты жойғыш екенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1996927-aqs-ta-aue-souy-kezinde-eki-askeri-usaq-soqtygysty-video-foto/

pixel