Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрік полициясы Стамбұлдағы терактіге күдікті адамды ұстады

Опубликовано:

Стамбұл көшесіндегі полиция
Стамбұл көшесіндегі полиция. Фото: İbrahim Mase/di images/Getty Images

Түркия ІІМ басшысы түрік тәртіп сақшылары Cтамбұлда жарылыс жасады деген азаматты ұстағанын айтты. Бұл туралы түріктің TRT World телеарнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу жексенбі күні полицияның мәліметінше, Стамбұлдағы Истикляль көшесінде бомба қалдырған адамның ұсталғанын хабарлады.

Сойлудың айтуынша, бастапқы деректер жарылыстың артында PKK (Күрдістан жұмысшылар партиясы) және YPG (күрдтердің халықтық өзін-өзі қорғау отрядтары) ұйымдары тұрғанын көрсетеді. Екі ұйым да Түркияда террористік ұйым деп танылған.

Ресей Ұлттық энциклопедиялық қызметінің мәліметі бойынша Күрдістан жұмысшы партиясы Түркияның Күрдістан аумағында әрекет ететін солшыл саяси партия. Ол 1974 жылы марксизм-ленинизмнің идеялық тұғырнамасы бойынша қалыптасқан. Партияның мақсаты этникалық күрдтер халықтың көп бөлігін құрайтын Түркия аумағында тәуелсіз күрд мемлекетін құру болды.

Deutsche Welle басылымы жазғандай, халықтық өзін – өзі қорғау отрядтары - "Демократиялық одақ" сириялық күрдтер партиясының қарулы қанаты.

Бұған дейін Түркияның вице-президенті Фуат Октай биліктің мәліметіне сүйене отырып, аталған жарылысты террористік акт деп мәлімдеді.

"Біздің бағалауымыз бойынша, бұл террористік акт болды, нәтижесінде біздің бағалауымыз бойынша бомбаны әйел адам іске қосқан", – деді ол.

Сондай-ақ, Odatv түрік жаңалықтар порталының хабарлауынша, бақылау камераларының біріне күдікті әйел түсіп қалған.

Қара киім киіп алған әйел көшеде кетіп барады
Түркиядағы жарылысқа қатысы бар деген күдікті әйел. Фото: Оdatv4.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1997010-turik-policiyasy-stambuldagy-teraktige-kudikti-adamdy-ustady/

pixel