Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Словенияда алғаш рет әйел президент болды

Опубликовано:

Словенияның жаңа президенті Наташа Пирц-Мусар
Наташа Пирц-Мусар. Фото: Luka Dakskobler/SOPA Images/LightRocket/Getty Images

Партиялық емес кандидат – заңгер және құқық қорғаушы Наташа Пирц-Мусар 13 қарашада өткен Словениядағы президенттік сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайлау комиссиясының мәліметіне сілтеме жасап. Ол осы лауазымдағы алғашқы әйел болмақ.

Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бюллетеньдердің 99,99 пайызын санағаннан кейін Пирц-Мусар сайлаушылардың 53,86 пайызының қолдауына ие болғаны анықталды. Оның қарсыласы, Словенияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Анже Логар 46,14 пайыз дауыс жинап, жеңілгенін мойындады.

РБК хабарлағандай, Словенияның жаңадан сайланған президенті "бәріне ортақ президент болуға", демократия мен адам құқықтарын қорғауға уәде берді, сонымен қатар ол климаттың өзгеруінің маңыздылығын атап өтті.

Пирц-Мусар 2014 жылы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әйелі Мелания Трамптың Словениядағы компаниясының мүддесін қорғаған заңгері болғаны атап өтілген.

Сонымен қатар, ол Эдвард Сноуденнің ЕО азаматтарының деректерін теріс пайдаланғаны туралы әшкереленгеннен кейін АҚШ-пен келіссөздер жүргізген ЕО делегациясының мүшесі болды. 2013 жылдың маусымында Сноуден газеттерге АҚШ пен Ұлыбританияның барлау қызметтерінің интернеттегі бақылау бағдарламалары туралы кейбір құпия материалдарды берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1997043-sloveniyada-algas-ret-aiel-prezident-boldy/

pixel