Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық азамат екінші қабаттан құлаған баланы аман алып қалды

Опубликовано:

бала
Құлап бара жатқан баланы ұстау сәті. Видеодан кадр: Youtube/South China Morning Post

Қытайдың Гуандун провинциясының тұрғыны екінші қабаттан құлаған баланы аман алып қалды. Оқиғаның видеосына жергілікті БАҚ назар аударған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша бала ғимараттың екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Осы кезде сыртта көлікке отырғалы тұрған куәгер айғайлаған дауысты естіп, көмекке келген.

Видеодан құлаған баланы ер адамның қағып алуға тырысқанын байқауға болады. Басылымның хабарлауынша, бала жерге құламас бұрын ер адамның қолына тиген. Нәтижесінде балақай жерге жұмсақ құлап, ауыр жарақат алмаған.

Құтқарушы ер адамның бұлшықеті ауырып қалған.

"Ең бастысы - баланың амандығы. Болашақта мен осындай жағдайға куә болсам, тағы көмектесуге әзірмін", - дейді қытайлық азамат.

Әлеуметтік желі қолданушылары ер адамға батылдығы үшін алғыс білдіруде.

"Бұл өте қауіпті жағдай болды. Бала бұдан да жоғары қабаттан құлағанда, ер адамның белін сындыруы мүмкін еді. Ол баланы аман алып қалу үшін өміріне қауіп төндірді", Ер адамды жанап өткендіктен жұмсақ құлады. Ол көмектеспегенде не болатынын елестетудің өзі қиын", — деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1997132-qytailyq-azamat-ekinsi-qabattan-qulagan-balany-aman-alyp-qaldy-video/

pixel