Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды

Опубликовано:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Zach Gibson - Pool/Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға түсу үшін құжат тапсырды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Телеарна мәліметінше, Трамптың құжаты сейсенбі, 14 қарашада Федералдық сайлау комиссиясына келіп түскен.

Бұған дейін Трамп Огайодағы жақтастарының митингісінде сөз сөйлеп, сәрсенбі, 15 қарашада "маңызды мәлімдеме" жасайтынын айтқан.

Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті өзінің алдағы сайлауға түсетіні туралы бірнеше рет тұспалдап жеткізген болатын. Соңғы сөздерінің бірінде ол "Американы табысты, қауіпсіз және даңқты ету" үшін тағы да президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеген.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп 2017 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін АҚШ президенті болды.

Алдағы сайлауға қазіргі мемлекет басшысы Джо Байден де қатысуға ниетті. Бұған дейін Ақ үй оның екінші мерзімге сайлауға түсу ниетін растаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1997351-donald-tramp-aqs-prezidenttigine-oz-kandidaturasyn-usyndy/

pixel