Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Украинаға 90 зымыран шабуылы жасалғанын айтты

Опубликовано:

Украинадағы зақымданған ғимарат
Украинадағы зақымданған ғимарат. Көрнекі фото: УНИАН

Украина президенті Владимир Зеленский тағы бір бейнеүндеу жасап, елге Ресей тарапынан үлкен соққы берілгенін айтты. Жазба оның Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

"Бүгін Ресей тағы да ауқымды зымырандық шабуыл жасады. Барлығы 90 зымыран. Энергетикалық жүйе, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер зақымданды", - дейді Украина президенті.

Оның айтуынша, 10 миллионға жуық украиндық жарықсыз қалған. Олардың көпшілігі - Харьков, Житомир, Киев және Львов облыстарының тұрғындары. Сондай-ақ елдің түкпір-түкпірінде интернетте ақау байқалған.

Ол сондай-ақ өз үндеуінде Польша аумағына Ресейдің зымырандары құлағанын атап өтті.

"Олар НАТО аумағын зымыранмен атқылап жатыр. Бұл Ресейдің ұжымдық қауіпсіздікке жасаған зымырандық шабуылы! Бұл шынымен де маңызды шиеленіс. Әрекет ету керек", - дейді ол үндеуде.

Еске сала кетейік, бүгін түнде Украина шекарасына жақын орналасқан Польшаның Пржеводов ауылына екі зымыран құлады. Салдарынан екі адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1997399-zelenskii-ukrainaga-90-zymyran-sabuyly-zasalganyn-aitty/

pixel