Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия Сирия мен Иракқа әуе шабуылдарын бастады

Опубликовано:

Әскери ұшақ
Әскери ұшақ. Көрнекі фото: Рexels.com

Түркияның Қорғаныс министрлігі Анкара Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі күрд құрамаларының позицияларына әуеден соққы бергенін растады. Бұған дейін Түркия "Күрдістанның жұмысшы партиясын" 13 қарашада Стамбұлда болған терактіге қатысы бар деп мәлімдеген болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап.

"Анкара Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі күрдтер басып алған аудандарға соққы берді, өйткені, бұл аумақтарды лаңкестер Түркияға "шабуыл жасау үшін база ретінде пайдаланды", – деп жазады басылым елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Әуе шабуылдары "Күрдістанның жұмысшы партиясын" (КЖП), Күрдістан қауымдар Одағын (КҚО) және күрдтердің халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын бейтараптандыруға бағытталған "Тырнақ-қылыш" операциясы аясында жасалғаны атап өтілген.

Кейінірек Түркия Қорғаныс министрлігінің Twitter парақшасында соққылардың нысанаға дәл тигені туралы хабарлама пайда болды.

"Террористердің ұялары тура көзделген соққылармен жойылып жатыр", – деген Түркия ведомствосының хабарламасына сілтеме жасаған басылым.

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары дереккөздерге сілтеме жасап, әуе соққылары Кобани мен Дерик (Сирияның солтүстігі), Шангал және Кандиль (Ирактың солтүстігі) аудандарында жасалғанын жазады. Жарылыстар Күрдтердің халықтық қорғаныс бөлімшелерінің (Сирия демократиялық күштерінің бөлігі – СДК) штаб-пәтерінің жанында болды.

Өз кезегінде СДК бас қолбасшысы Мазлум Абди Twitter парақшасында Түркияның олардың территориясына шабуыл жасағанын растады.

Еске салайық, 13 қараша күні кешкі уақытта Стамбұл орталығындағы жаяу туристік Истикляль көшесінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, 81 адам жарақат алды. Одан кейін Түркия ІІМ басшысы жарылысты ұйымдастырды деген адамды ұстағанын айтты. Олардың сөзінше, жарылыстың артында КЖП (Күрдістан жұмысшы партиясы) мен КХҚБ (Күрд халықтық қорғаныс бөлімшелері) тұр. Екі ұйым да Түркияда террористік ұйым деп танылған.

Кейін Түркияның Сыртқы істер министрі Сүлейман Сойлу Стамбұл орталығында болған терактіден кейін АҚШ-тың көңіл айтуын қабылдамайтындарын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998050-turkiya-siriya-men-irakqa-aue-sabuyldaryn-bastady/

pixel