Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Камчаткада Еуразиядағы ең биік жанартау атқылай бастады (фото)

Опубликовано:

Ключев шоқысы
Ключев шоқысы. Фото: Tatyana Makeyeva/AFP/Getty Images

Камчатка түбегінде орналасқан Еуразиядағы ең биік белсенді жанартау Ключев атқылай бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Камчатканың Геофизикалық қызметі жексенбі, 20 қарашаға қараған түні түбектің шығыс жағалауында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болғанын хабарлады. Осыдан кейін жанартау кратерінде жарқыл пайда болған.

Мамандар жанартаудың атқылауы тек күшейетінін, салдарынан лава мен лай ағуы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар олар жанартаудың атқылауы әдетте бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылатынын атап өтті.

Ключев жанартауының соңғы атқылауы 2020 жылдың қазан айында басталып, 2021 жылдың 8 ақпанына дейін созылған.

Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыс филиалының Вулканология және сейсмология институтының сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Ключев жанартауы – Еуразиядағы ең белсенді жанартау, оның биіктігі 4750 метр.

Жанартауға 7 мың жыл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998096-kamcatkada-euraziyadagy-en-biik-zanartau-atqylai-bastady/

pixel