Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі танымал актриса Иранның қазіргі билігіне қарсы келісім жасады деп айыпталды

Опубликовано:

Катаюн Рияхи
Катаюн Рияхи. Фото: Іnstagram.com/katayounriahiofficial7

Иранда 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен туындаған үкіметке қарсы наразылықты көпшілік алдында қолдағаны үшін елдегі екі танымал актриса қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Хенгаме Газиани мен Катаюн Рияхи Иранның қазіргі билігіне қарсы сөз байласты деп айыпталуда. Екі әйел де ереуілшілерді қолдайтынын білдіріп, әлеуметтік желіге орамалсыз суреттерін жариялады.

20 қараша күні Иран прокуратурасының бұйрығымен екі әйел де ұсталды.

60 жастағы Рияхидің орамалсыз суреті қыркүйекте жарияланған болатын. Жазбаның астында актриса #Ирандық_әйелдер, #Иран_әйелдері_бір_дауыс және #Махса_Амини хэштегтерін көрсеткен.

Жақында 52 жастағы Хенгаме Газиани Instagram желісінде көшеде орамалсыз тұрып, шашын резеңкемен байлап тұрған сәтінен видео жариялады.

"Мүмкін бұл менің соңғы жазбам шығар. Енді маған бірдеңе болса, соңғы демім қалғанша әрқашан Иран халқымен бірге болатынымды біліңіздер", – деп жазды актриса.

Газиани мен Рияхи – Ирандағы ең танымал актрисалар. Еңбек жолында олар туған жерінде көптеген марапатқа ие болды.

Айта кетейік, Ирандағы наразылықтар кезінде құқық қорғаушылардың мәліметінше, шамамен 400 ереуілші қаза тапты. Тағы 16,8 мыңы қамауға алынған. Кем дегенде бес ереуілші өлім жазасына кесілді. Иран билігі шерулерді сыртқы жаулар ұйымдастырған тәртіпсіздіктер деп атады.

Еске салайық, Иранда қыркүйек айында хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция ұстаған Махса Амини есімді жас қыздың өлімінен кейін наразылықтар басталған болатын. Кейін жас қыз қайтыс болды.

Қазан айында шерулерге мектеп оқушылары да қосылды. Олардың кейбіреулері хиджабсыз, көпшілік алдында орамалсыз суретке түскен.

Қазан айының соңында әр түрлі қаладан мыңдаған ирандықтың Амини қайтыс болған соң 40 күннен кейін наразылық шеруіне шыққаны белгілі болды. Иран қауіпсіздік күштері оларға қарсы оқ жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998252-eki-tanymal-aktrisa-irannyn-qazirgi-biligine-qarsy-kelisim-zasady-dep-aiyptaldy/

pixel