Қытайда зауытта шыққан өрттен 30-дан астам адам қаза тапты
Опубликовано:

Қытайдың Хэнань провинциясындағы Аньян қаласындағы зауытта өрт шықты. Қайғылы оқиға салдарынан отыздан аса адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Өрт Kaixinda Trading Co Ltd компаниясының зауытында шыққан.
Қаза тапқандар саны 36 адамға жетіп, екеуі із-түзсіз жоғалды. Тағы екі адам жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрт 21 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:22-де (Астана уақыты бойынша 14:22) басталған. Өрт тек сағат түнгі 23:00 кезінде (21:00 шамасында) ғана ауыздықталған. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998367-qytaida-zauytta-syqqan-ortten-30-dan-astam-adam-qaza-tapty/