Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Индонезияда болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 268-ге жетті

Опубликовано:

Индонезия
Жер сілкінісінің салдары. Индонезия. Фото: Twitter/BNPB Indonesia

Индонезияның Батыс Ява провинциясында болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 268 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 21 қарашада болған Индонезиядағы 5,6 балдық жер сілкінісінен кемінде 377 адам әртүрлі ауырлықтағы жарақат алып, тағы 31 адам із-түзсіз жоғалған. Сондай-ақ, соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 268 адамға жеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін 160-қа жуық адам құрбан болғаны туралы хабарланған болатын.

"Қазір біз 268 адамның қаза тапқанын білеміз. Деректер жүйелі түрде жаңартылып отырады", - дейді Индонезияның Апатты бақылау қызметінің басшысы.

Күшті жер сілкінісі салдарынан мыңдаған үй қираған, зардап шеккен аймақтың 13,7 мыңға жуық тұрғыны үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны белгілі. Олардың босқындар лагеріне орналастырылғаны белгілі болды.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі Батыс Ява аралындағы Чанжур аймағында 10 шақырым тереңдікте болған. Сондай-ақ жер сілкінісі кем дегенде бір ауылды басып қалған көшкіні тудырғаны туралы деректер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998505-baq-indoneziyada-kusti-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-268-ge-zetti/

pixel