Аргентинаны ұтқан Сауд Арабиясында ұлттық құраманың жеңісіне орай демалыс күні жарияланды

Опубликовано:

Cауд Арабиясы футболшылары
Сауд Арабиясы құрамасының футболшылары. Фото: Twitter/FIFA World Cup

Сауд Арабиясының королі Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында ұлттық құраманың топтық кезеңдегі бірінші матчында Аргентинаны ұтқанына орай 23 қарашаны демалыс күні деп жариялады. Бұл туралы РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетейік, сейсенбі, 22 қараша күні С тобында Сауд Арабиясы сенсация жасап, Аргентинаны 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Басылым мәліметінше, Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз Әл Сауд тақ мұрагері - ханзада Мұхаммед бен Салманның ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау туралы ұсынысын мақұлдаған. Демек, сәрсенбі, 23 қараша елде мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың барша қызметкері мен студенттерге демалыс беріледі.

26 қараша күні Сауд Арабиясы құрамасы польшалықтармен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998517-argentinany-utqan-saud-arabiyasynda-ulttyq-quramanyn-zenisine-orai-demalys-kuni-zariyalandy/