Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропарламент Ресейді терроризмнің демеушісі деп таныды

Опубликовано:

Еуроодақтың туы
Еуроодақтың туы. Фото: Daniel Day/Getty Images

Еуропарламент Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп тану туралы қарарды қолдады. Дауыс беру кезінде қарарды депутаттардың басым бөлігі қолдаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуропарламенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаулыны 494 парламентарий қолдаса, 58 адам қарсы дауыс беріп, тағы 44 депутат қалыс қалды.

Еуропарламент депутаттарының пікірінше, "Украинаның бейбіт тұрғындарына қарсы қасақана шабуылдар мен зұлымдықтар, азаматтық инфрақұрылымды қирату және халықаралық, гуманитарлық құқықпен және өзге де құқықтың өрескел бұзылуы лаңкестік әрекеттерге жатады және әскери қылмыстар болып табылады".

"Осыған байланысты олар (парламентшілер – ред.) Ресейді терроризмді демеуші мемлекет және терроризм құралдарын пайдаланатын мемлекет деп таниды", — делінген хабарламада.

Еуропарламенттің бұл шешіміне Украина президенті Владимир Зеленский Twitter-де пікір білдірді.

"Мен Еуропарламенттің Ресейді терроризмнің демеушісі және терроризм құралдарын пайдаланатын мемлекет деп тану туралы шешімін құптаймын. Ресейдің Украинада және бүкіл әлемде ұзақ жылдар бойы жүргізіп келе жатқан терроризм саясатын тоқтату үшін барлық деңгейде оқшауланып, жауапкершілікке тартылуы керек, — деп жазды Зеленский.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998674-europarlament-reseidi-terrorizmnin-demeusisi-dep-tanydy/

pixel