Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Қытайда жаңа антирекорд тіркелді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: Matthias Rietschel-Pool/Getty Images

Қытайда коронавирус жұқтыру дерегі бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Соңғы тәулікте елде 31 мыңнан астам адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNBC-ге сілтеме жасап.

Айта кетейік, соңғы рет жоғары көрсеткіш Қытайда сәуір айының ортасында тіркелген болатын. Ол кезде елде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 29 411-ге жеткен еді.

Дегенмен, басылымның жазуынша, сәуір айымен салыстырғанда бұл жолы ауру белгілері аса байқалмауда. Мысалы, өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың 90 пайызында ауру белгілері болмаған.

Алайда өткен демалыс күндерінен бері COVID-19-дан алты адам көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми деректеріне сүйенсек, 2020 жылдың қаңтарынан бері Қытайда коронавирус жұқтырған 9,5 миллионнан астам адам тіркелсе, оның 29,8 мыңы қайтыс болған.

Еске сала кетсек, 23 қарашадан бастап ел астанасы Бейжіңдегі саябақтар мен мұражайлар COVID-19 індетінің қайта өршуіне байланысты жабылды.

Қытайдың қалған қалалары жаппай тестілеу тәжірибесін қалпына келтіруде. Сарапшылардың айтуынша, аурудың қайта өршуі Қытай экономикасының әлсіреуі туралы қауіпті күшейтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998825-qytaida-koronavirus-zuqtyru-deregi-boiynsa-zana-antirekord-tirkeldi/

pixel