Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Катарда жағажайда шомылуға арналған киіммен жүрген хорватиялық модель желідегілердің ашуына тиді

Опубликовано:

Ивана Кнолл
Ивана Кнолл. Фото: instagram/knolldoll

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатына келген хорватиялық модель Ивана Кнолл желі қолданушыларының ашуын келтірді, деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ивана Кнолл - Хорватиядағы танымал модельдердің бірі. "Хорватия аруы" атанған модель өзінің іш киім шығаратын брендімен де танымал. Ивана доп додасында жиі бой көрсетеді. 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында да бойжеткен жанкүйерлер қатарында болған.

Бұл жолы Ивана Катарда жағажайда шомылуға арналған киіммен жүргені үшін сынға ілікті. Бұл сәттің видеосын желідегі парақшасына салған ару көпшілікке жақпай қалған. Желі қоладанушылары оны өзге елдің мәдениетін сақтауға шақырған.

Одан бөлек модель Хорватия - Марокко арасындағы матчқа киіп келген көйлігі үшін де сынға қалған. Катар жанкүйерлерінің бірі оны оны қамауға алуды ұсынған.

Айта кетелік, Катар мұсылман мемлекеті болған соң, биылғы әлем чемпионаттарында бұрын кездеспеген тыйымдарды енгізді. Мәселен, стадионның іші-сыртында ішімдік ішуге және біржыныстық некені, жыныс ауыстыруды насихаттауға рұқсат жоқ.

Сондай-ақ Катар заңы бойынша қоғамдық орындарда тым ашық киінген адам қамауға да алынуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999201-katarda-zagazaida-somyluga-arnalgan-kiimmen-zurgen-xorvatiyalyq-aru-zelidegilerdin-asuyna-tidi/